|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
2
Ақпан
2026
|
- Қаралды: 439

Тәжірибе алмасу — кәсіби өсудің кепілі!
02.02.2026 ж Бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарының педагогтеріне арналған тәжірибе алмасу барысында «Логикалық ойлаудың лабиринті: математикалық шытырман» тақырыбындағы авторлық жұмысын таныстырды.
Іс-шарада оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, қызықты математикалық тапсырмалар мен практикалық тәжірибелер ұсынылды. Әріптестер өзара пікір алмасып, пайдалы идеялар қоржыны толықты.
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 452
Мектеп психологының өткізген іс-шаралары:
1. «Эмоциялар әлемі» тақырыбындағы вебинар. Мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектын дамыту, олардың сезімдерін дұрыс білдіруге үйрету. Қосымша арқылы онлайн кеңес беру, диагностикалық тесттер және бейне-нұсқаулықтар ұсынылды.
2. «Тәртіп пен ережелер» тақырыбындағы онлайн тренинг. Мақсаты – балаларда тәртіптілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында интерактивті тапсырмалар мен ата-аналарға арналған практикум өткізілді.
3. Жеке кеңес беру сессиялары. Ата-аналардың жеке сұрақтары бойынша чат, бейнеқоңырау және диагностика әдістері арқылы қолдау көрсетілді.


Кіші топ тәрбиешілері Абдрахманова С.С, Сайдмурадова И.Ш. екуі өткізген іс шаралары:
1.«Ойын арқылы тәртіпке үйренеміз» тақырыбындағы практикум. Мақсаты – күн режимі мен жағымды әдеттерді ойын арқылы қалыптастыру. Қосымша арқылы ойын сценарийлері, бейне-нұсқаулар және отбасылық тапсырмалар таратылды.
2. «Өздігімен орындаймын» желілік марафоны. Мақсаты – балалардың өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту. Марафон барысында ата-аналар күнделіктер толтырып, фото-есептермен бөлісті.
3. «Мектепке дайындық» вебинарлар циклы. Мақсаты – балаларды мектепке психологиялық дайындау, тәртіптілік пен ұйымдастырушылық дағдыларды нығайту. Қосымша арқылы презентациялар, интерактивті жаттығулар мен әдістемелік материалдар ұсынылды.

|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 452

“Заң және тәртіп” айы аясында
Мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық брошюралар мен буклеттер таратылды.
Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі!
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 446

“Заң және тәртіп” айы аясында
Мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық брошюралар мен буклеттер таратылды.
Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі!
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 460

Жетістікпен құттықтаймыз!
ProEco республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде
оқушымыз Сапабек Дильназ 🥈 II орын иеленді!
Жетекшісі: Жеңіс Арайлым Маратқызы
Еңбегің елене берсін, экология жолындағы ізденісің жалғасын тапсын! 🌍✨
|
14
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 488

“Адал азамат” бағдарламасы аясында 8 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында “Заң және Тәртіп” бір айлық бірегей жобасы басталды⚜️
- Қаралды: 462
|
14
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 483

🏆 Мектебіміздің мақтаныштары!
Бүгінгі таңымыз ерекше қуанышпен басталды! 🌞
📚 Білім мен спорт саласындағы аудандық және облыстық деңгейде жеңіске жеткен оқушыларымыз мектеп жиынында марапатталып, зор қошеметке ие болды.
💪 Олар тек өз білімдерімен ғана емес, табандылығы, еңбегі арқылы биік жетістіктерге жетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.
🎉 Жеңістеріңіз құтты болсын, жас дарындар!
Білім мен спорттағы жетістіктеріңіз жалғасын таба берсін!









