|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 345

9-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбы бойынша маңызды іс-шара, дөңгелек үстел өтті.
🔹 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
⚖️ Құқық негіздері пәнінің мұғалімі викторина ұйымдастырып, балаларға өз құқықтары мен заңдарды түсіндірді. Сұрақ-жауап форматындағы ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық деңгейін арттырды. ️
📚 Осындай іс-шаралар болашақ ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады!
- Қаралды: 440

"Халқын сүйген, халқы сүйетін ақын" тақырыбына өткен мәнерлеп оқу сайысында оқушылар Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінділер оқып, сайысқа түсті. Сонымен қатар оқушылар Абай әлемі тақырыбына берілген викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шыңдай түсті.
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 336

2024 жылғы 29 қарашада 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 10 сыныптан Хусаинов Мағжан, 11 сыныптан Амангелді Мейрамбек және Касымова Аяжан қатысты. Оқушыларымызға сәттілік!
|
3
Мамыр
2024
|
- Қаралды: 546

Ағымдағы жылдың 8 - 12 сәуір аралығында мектебіміздің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің "Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған" атты апталығы өткізілді. Апталық жоспарына сай ашық сабақтар, әртүрлі іс - шаралар өтті.
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 338

26 қараша күні М.Сералин атындағы ЖББ мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған семинар қонағы өңірліқ оқу методикасы орталығының директоры Петренко Елена Александровна мектеп оқушыларымен сұхбаттасты.
- Қаралды: 445

Қостанай қаласында өткен ашық аймақтық Т.Е.Даулетбаев атындағы ғылыми жобалар сайысында мектебіміздің 2 сынып оқушысы Рисбек Мади, 7 сынып оқушысы Шакибаева Аружан, 8 сынып оқушысы Мустафина Аниель, 9 сынып оқушысы Ердосова Адема жүлделі 1,2 орынға ие болды. Дайындаған жетекшілер: бастауыш сынып мұғалімі - Бекмурзина Токслу Акатаевна, физика пәнінің мұғалімі - Айткалиев Ерлан Курмангазиевич, география пәнінің мұғалімі - Шынуар Сетер құттықтаймыз!!!
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 299

Бүгін 26 қараша біздің Мұхамеджан Сералин атындағы мектебімізде “Тәуелсіздік күніне” арналған (9-11,13-15) және жасөспірімдер мен қыз балалар арасындағы аудан мектеп оқушылары арасындағы Тоғызқұмалақтан жарыс өтті!
Мектеп оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды:
1-орын: Жолдыбай Данияр.
Жолдыбай Айару.
Ожар Аяла.
2-орын: Шакибаева Аружан.
Сапабек Дилназ.
Бахитжанова Айя.
Сейткерей Мирас.
3-орын: Айтмуханбек Муслима.
Омарова Гүлназ.
Жангелді Гүлназ.
Құтты болсын! Алдағы жеңістерін көп болсын!!!
|
29
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 381

1 сәуірде Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата - аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің EGOV.kz және SAKURA.24.kz веб - порталы арқылы тапсыра алады. Баланың бірініші сыныпқа алтын жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініш негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у - 3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек.








