|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 354


2023 - 2024 оқу жылының 26 ақпан - 01 наурыз аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік аптылығы жоспарлы түрде өз жұмысын аяқтады. Апталықтың ашулынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған іс - шаралар легі белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Ашық сабақтар: 6 сынып ағылшын тілінен "Reading for pleasure" тақырыбында - педагог Нарбек Мадина Бағланқызы, 10 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен " Тема торга и власти денег в пьесе А.Н.Островского "Бесприданница" тақырыбында педагог Ковальчук Инна Александровна, 5 сыныпта ағылшын тілі пәнінен "Animals: The ghost of the mountains" тақырыбымен педагог Кульжабекова Айгуль Булатовна, 6 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен Уразбаева Раушан Куантаевна және 6 сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен "Жусан иісі" тақырыбында педагог Ескендирова Алмабике Мерекеновна.
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 355
Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген "Мен ұнатқан кітап" әдеби танымдық сағаты. Ұсынылған әдбиеттермен танысу барысы балаларға қызықты болды. # ''Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз", # '' Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста"
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 352

Қазақстанда "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп келе жатыр. "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында 2024 жыл бойына ел болып қазақ прозасына ғажайып сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынысы қабылданды. Осы атаулы акция барысында М.Сералин атындағы ЖББМ - де "Көрнекті балалар жазушы" атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 329


Абай Құнанбаев атындағы ЖББМ Қарабалық ауданының білім бөлімінің өткізуімен тоғызқұмалақ ойыны бойынша ұлттық аудандық лигасы өтті. Лигаға аудан мектептерінен 8 команда қатысты. аудандық лина нәтижесінде Мұхамеджан Сералин мектебінің оқушылары 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 398

Балабақшада және шағын орталықта алғаш рет!
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АТА - АНАЛАРЫ!!!
Елімізде мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа моделі енгізілуде, соның арқасында сіз жеке қажеттіліктер мен артықшылықтарға сүйене отырып, бір емес, төрт мектепке дейінгі ұйымды таңдай аласыз. Бұл қызмет көрсету процесін ашық етеді және белсенді SMS ақпараттандыру арқылы балабақшалардағы орындауды "аулауды" болдырмайды. Бұл ретте мемлекеттік дерекқордан автоматты түрде тартылатын жеңілдікті мәртебені растау үшін қағаз анықтамаларды жинау және қоса беру алынып тасталады. Ол үшін "ИНДИГО" жүйесінің жеке кабинетіне кіріп, "САУАЛНАМА" бөлімін таңдап, оны балаңызды анықтағыныз келетін бірнеше мектепке дейінгі ұйымды көрсетіп толтыруыңыз қажет. Біз түсінуге үміттенеміз, өйткені сіздің балаңыздың болашағы - біздің қолымызда. Оны мектепке дейінгі қызықты күндер күтіп отыр. Олар жарқын болсын!!!
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 335

Ата - аналарға арналған кеңес беру орталығының жұмысы аясында "Балалардың қауіпсіздігі" әңгімесі ұйымдастырылды.
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 372

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 - 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. 5 сынып оқушылары қатысып, ағылшын пәнінен Жұмабек Ануар 3 орын алды, жетекшісі: Кульжабекова Айгуль Булатовна, қазақ тілі мен әдебиетінен Қонысұлы Ерсін 3 орын, жетекшісі: Сейткасымова Гулнар Сейдуалиевна, орыс тілі мен әдебиетінен Ердсова Амина 3 орын, жетекшісі: Уразбаева Раушан Куантаевна, қазақстан тарихынан Абилова Даяна 3 орынға ие болды, жетекшісі: Утешов Акылбек Оралбекович.
6 сынып оқушылары үшін олимпиада өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Тулеш Асылым - 1 орын, Мурзагалеева Амина - 2 орын, Мустафина Томирис - 3 орынға ие болды. Жетекшілері: Уразбаева Раушан Куантаевна. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, жеңімпаздарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 315

Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беру мектебімізде " Егер қиын болса, қоңырау шалыңыз!" атты акция жүргізілді. Балаларға арналған сенім телефон желісі қиын жағдайларда балалар, жасөспірімдер талқылап, психолог маманмен кеңесу үшін жасалған.
|
28
Наурыз
2024
|
- Қаралды: 333

Мұхамеджан Сералин мектебінде 1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасты.








