|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
- Қаралды: 291

2023 жылғы 28 қарашада Қостанай қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің базасында Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бұл конкурста біздің мектептен 9 сынып оқушысы Ердосова Адема «Өлкетану» секциясына « Қарабалық кенті қатты қалдықтарды жою және залалсыздандыру» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Ғылыми жетекшісі Шынур Сетер. Әділ қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың «жобалары қызықты және шешендік қабілеттері қалыптасқандығын атап өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Ердосова Адема III орынды иеленді.
|
1
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 163

Петропавл қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Жасөспірімдер және жастар арасындағы командалық Қазақстан Респбуликалық чемпионатынан 8 сынып оқушысы Жолдыбай Данияр мен 6 сынып оқушысы Жолдыбай Айару 3 - ші орынға ие болды.Құттықтаймыз!!!
|
5
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 187

Ауданымызда 2023 жылдың 04 желтоқсанында бастауыш сынып мұғалімдерінің беделін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру,инновациялық тәжірибелерді тарату, заманауи жағдайда жаңа оқыту технологияларын анықтау және енгізу, бастауыш білім алушыларының оқу сапасын арттыру мақсатында «Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сайыстың аудандық кезеңі өткізілді. Бұл сайысқа өз кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсат ында біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гулнар Батырхановна қатысты. Байқау үш кезеннен құрылды: Ашық сабақ, таныстырылым, педагогикалық жоба. Гулнар Батырхановна 1 сыныпта математика пәнінен «Ондықтармен қосу және азайту» тақырыбында оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында креативті технологияларды тиімді пайдаланып ашық сабағын жоғары дәрежеде өткізді. Екінші және үшінші кезеңде видеожазба, презентация арқылы өзінің педагогикалық жобасын таныстырып өтті.
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 154

Мектебімізде 13.11 - 17.11.2023 жылы "Жол жүру ережелері" апталығының өтуіне байланысты 6 сынып оқушылармен "Сіз жол ережесін білесіз бе?" атты сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға тақырыпқа сай видеоролик көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
|
5
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 240

2023 жылғы 24 қараша күні озық педагогикалық тәжірибені анықтаудың, зерделеудің, жалпылаудың және таратудың мақсаты - озық педагогикалық идеяны теориялық тұрғыдан түсіну, тәжірибеде қолдану және танымал ету мақсатында "Қостанай облысы әкімдігіні" КММ - мен жас маман мұғалімдер үшін "Педагог практиктан педагог тәлімгерге дейін" атты облыстық педагогикалық невторинг өткізілді. Бұл невторингке М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кульжабекова Айгуль Булатовна "Сабақта Soft Skills қалыптастыру" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 305


15 қараша күні жол - көлк оқиғаларының алдын алу мақсатында полицияның жас көмекшілер тобы 2 - сынып оқушыларымен жол жүру ережесін білу бойынша викторина өткізді. Инспекторлар шара және қатысушылардың білімін бағалады. Қорытынды бойынша "Жасыл" командасы жеңіске жтті, ал ең белсенді қатысушы - Төлеу Елнұр. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
- Қаралды: 293

Баланың құқықтары мен денсаулығын қорғау мақсатында ата-аналар, кәмелетке толмаған балалар арасында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау, баланың құқықтары мен денсаулығын қорғау бөлігінде түсіндірме әңгімелер, оқушылармен әлеуметтік роликтерді көрсете отырып, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша онлайн – сабақтар өткізілді.
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 169

"Жол қозағылысы қауіпсіздігі" апталығы аясында жол - көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында патрульдік полциия қызметкерлері И.А.Казакбаев, Д.Ж.Жакеев жол қозғалысы ережелері туралы профилактикалық әңгіме өткізді.
5 - 11 сынып оқушыларымен "заң және сіз" тақырыбында әңгіме, сондай - ақ әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары және интернеттегі алаяқтық, жолдағы мінез - құлық ережелері туралы әңгіме жүргізілді.
|
1
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 293

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" акциясы аясында жолдарда жүру кезінде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігі құралы ретінде жарық қайтарғыштарды киюді насихаттауға бағытталған "Қамқор ана" байқауы өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары ерекше белсенділік танытты. жол ережелерін сақтайық!
|
22
Тамыз
2023
|
- Қаралды: 188

Жазғы демалыс кезінде мемлекет біздің мектептің 4 оқушысына "BOLASHAQ" лагерінде демалуға мүмкіндік берді. Лагерьдегі керемет атмосфера, өте қызықты бағдарлама балалар қуанышты демалып, бақытты болды!!!! Бұл керемет демалыс болды!!!!






