|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
- Қаралды: 633

Баланың құқықтары мен денсаулығын қорғау мақсатында ата-аналар, кәмелетке толмаған балалар арасында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау, баланың құқықтары мен денсаулығын қорғау бөлігінде түсіндірме әңгімелер, оқушылармен әлеуметтік роликтерді көрсете отырып, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша онлайн – сабақтар өткізілді.
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 274

"Жол қозағылысы қауіпсіздігі" апталығы аясында жол - көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында патрульдік полциия қызметкерлері И.А.Казакбаев, Д.Ж.Жакеев жол қозғалысы ережелері туралы профилактикалық әңгіме өткізді.
5 - 11 сынып оқушыларымен "заң және сіз" тақырыбында әңгіме, сондай - ақ әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары және интернеттегі алаяқтық, жолдағы мінез - құлық ережелері туралы әңгіме жүргізілді.
|
1
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 642

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" акциясы аясында жолдарда жүру кезінде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігі құралы ретінде жарық қайтарғыштарды киюді насихаттауға бағытталған "Қамқор ана" байқауы өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары ерекше белсенділік танытты. жол ережелерін сақтайық!
|
22
Тамыз
2023
|
- Қаралды: 279

Жазғы демалыс кезінде мемлекет біздің мектептің 4 оқушысына "BOLASHAQ" лагерінде демалуға мүмкіндік берді. Лагерьдегі керемет атмосфера, өте қызықты бағдарлама балалар қуанышты демалып, бақытты болды!!!! Бұл керемет демалыс болды!!!!
|
1
Желтоқсан
2023
|
- Қаралды: 286

Петропавл қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Жасөспірімдер және жастар арасындағы командалық Қазақстан Респбуликалық чемпионатынан 8 сынып оқушысы Жолдыбай Данияр мен 6 сынып оқушысы Жолдыбай Айару 3 - ші орынға ие болды.Құттықтаймыз!!!
|
15
Тамыз
2023
|
- Қаралды: 251

Мейірімділік – маңызды, қажетті қасиет, онсыз адамды адам деп атауға болмайды. Бұл сөзде қамқорлық пен сүйіспеншілік, жылулық пен махаббат. Көмектесуге деген ұмтылыс көптеген адамдардың жүрегінде тұрады.
Биыл да дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы қарқын алуда. Балаларға көмек көрсетуге шақыруымызға алғашқылардың бірі болып аудандық сот, халық банкі, «По карману» дүкені, «Айналайын» дүкені, теринспекция болды. 5 балаға 142 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.Мектеп әкімшілігі балаларға көрсетілген көмек үшін алғысын білдіреді.Акция өз жұмысын жалғастыруда.
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 240

Мектебімізде 13.11 - 17.11.2023 жылы "Жол жүру ережелері" апталығының өтуіне байланысты 6 сынып оқушылармен "Сіз жол ережесін білесіз бе?" атты сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға тақырыпқа сай видеоролик көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
|
7
Тамыз
2023
|
- Қаралды: 276
Құрметті ата - аналар!
01 тамыздан 30 тамызға дейін барлық өңірлерде отандық тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп формасын, киімді сату бойынша жәрмеңкелер өтетіні туралы хабарлайды: Қостанай қаласы Алтынсарин - Победа көшесі (Жасыл базардың «Төменгі көтерме сауда» базарының аумағында, жәрмеңке алаңы 480 шаршы метрді құрайды. 80 – ге жуық жергілікті тауар өндірушілер қатысады), Лисаков қ. – Қ. Сәтбаев көшесіндегі «Довлан» базары, Рудный қ. - п. Корчагин көшесі, 88 (ГУМа ғимаратының жанында), Арқалық қ. - М.Демченко көшесіндегі «Гаухар» орталық базары (жабық павильон), сондай - ақ аудан орталықтарында.
Бұдан басқа, 2 кәсіпорын («Большевичка» өндірістік кооперативі және «Азурит – өндірістік – тауарлық фирма» ЖШС) жеке тапсырыстар бойынша тігуді жүзеге асырады және дайын өнімді өздерінің «Большевичка» В – 117» фирмалық дүкендерінде («Әл - Фараби даңғылы, 117), «Астықжан» супермаркетінің сауда бөлімінде (СОО сатады «KostanayPlaza», Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 193), Азурит – «PROFFИНСТРУМЕНТ» СҮ (Карбышев көшесі, 35).
|
19
Қараша
2023
|
- Қаралды: 416


15 қараша күні жол - көлк оқиғаларының алдын алу мақсатында полицияның жас көмекшілер тобы 2 - сынып оқушыларымен жол жүру ережесін білу бойынша викторина өткізді. Инспекторлар шара және қатысушылардың білімін бағалады. Қорытынды бойынша "Жасыл" командасы жеңіске жтті, ал ең белсенді қатысушы - Төлеу Елнұр. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
|
2
Тамыз
2023
|
- Қаралды: 275

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында"Жақсылық жаса" ұранымен "Мектепке жол" акциясы басталды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және оқу жылының басына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, олардың мектепке баратын жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әр балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете аламыз! Барлығын акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
"Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ ұжымы ауданымыздың барлық азаматтары мен жеке кәсіпкерлерін жағдайы төмен отбасы балаларына көмек беру мақсатында "Мектепке жол" акциясына қатысып өз үлестерін қосуға шақырады. Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (714)41-2-13-19






