ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области
п.Карабалык
(871441)32879
seralyn@karabalyk.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
2
Сәуір
2026

WhatsApp Image 2026 04 02 at 11.20.25

Ұлттық мектептер арасындағы лиганың аудандық кезеңінде гандбол спортынан командамыз жүлделі 3-орынға ие болды.
Команда мүшелерін құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

10
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 10 at 17.53.11 4 1 WhatsApp Image 2026 02 10 at 17.53.11 3 2 WhatsApp Image 2026 02 10 at 17.53.21 1 3 

1
Сәуір
2026

WhatsApp Image 2026 04 01 at 10.10.05 WhatsApp Image 2026 04 01 at 10.09.20

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы 2026 жылдың 31 наурызда бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің мүшелері «Метапән іс - әрекетте: тапсырмадан сабақ сценарийіне дейін» атты кейс сессия өткізді. Облыстық вебинарға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна «Идеядан сабаққа дейін: метапәндік тапсырмаларды тиімді қолдану» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жоғары деңгейде өтті.

10
Ақпан
2026

ФМЛ

7 ақпан күні мектебіміздің білім алушылары Т. Дәулетбаев атындағы XIII ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Кинжеболатова Айгерим  IІ орынға ие болды, Шакибаева Аружан III орын алды. Оқушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми қызметте алдағы уақытта да табыстар тілейміз!

Жобалар жетекшілері — Жеңіс Арайлым Маратқызы  және Айткалиев Ерлан Курмангазиевичке  оқушыларды дайындап, жұмыс барысында барлық кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.

1
Сәуір
2026

WhatsApp Image 2026 03 31 at 19.06.02 WhatsApp Image 2026 03 31 at 19.06.46 WhatsApp Image 2026 03 31 at 19.06.47

Бүгін мектебімізде педагогикалық ұжым арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Кездесу барысында ұстаздарымызға адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау – білім беру саласындағы басты қағидалардың бірі екені айтылды. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ата-аналармен және білім алушылармен қарым-қатынаста ашықтық пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Педагогикалық ұжым сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Білім беру саласындағы басты міндет – сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар әділдік пен сенімге негізделген орта қалыптастыру.

#адалдық #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #мектеп #педагогикалықұжым #білім

2
Ақпан
2026

fac6866d 5313 4f13 abc9 9c13523feb49  95a46a8d 452c 404d 93f3 40d194873d8b

Тәжірибе алмасу — кәсіби өсудің кепілі!
02.02.2026 ж Бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарының педагогтеріне арналған тәжірибе алмасу барысында «Логикалық ойлаудың лабиринті: математикалық шытырман» тақырыбындағы авторлық жұмысын таныстырды.
Іс-шарада оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, қызықты математикалық тапсырмалар мен практикалық тәжірибелер ұсынылды. Әріптестер өзара пікір алмасып, пайдалы идеялар қоржыны толықты.

31
Наурыз
2026

WhatsApp Image 2026 03 31 at 15.06.27

Құрметті болашақ 1 сынып оқушыларының ата - аналары!

Біздің елімізде 1- сыныпқа қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді: 

  • Мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері ата - аналардың өтініші бойынша білім алып жүрген мектебінің 1 - cыныбына автоматты түрде қабылданады.
  • Егер ата - аналар басқа мектепті таңдаса, онда құжаттары жалпы негізде мемлекеттік қызмет арқылы тапсырылады.
  • 1- сыныпқа 6 жастан бастап және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
  • Өтініштерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндерін қоспағанда жүргізіледі.
  • Биыл 1- сыныпқа қабылдау порталдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және білім беру үдерісін реттеу мақсатында кезең кезеңімен жүзеге асырылады. 27 мамырдан бастап, ал Қостанай облысында соның ішінде Қарабалық ауданында 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін.

 

Қазақстан азаматтары үшін портал арқылы мектепке қабылдануға қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің өтініші;
  • денсаулық жағдайы туралы № 065-у нысанындағы анықтама және баланың денсаулық паспорты № 052-2/у;
  • өлшемі 3×4 см фотосурет (2 дана).

Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады.

30
Қаңтар
2026

Мектеп психологының өткізген іс-шаралары:

1. «Эмоциялар әлемі» тақырыбындағы вебинар. Мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектын дамыту, олардың сезімдерін дұрыс білдіруге үйрету. Қосымша арқылы онлайн кеңес беру, диагностикалық тесттер және бейне-нұсқаулықтар ұсынылды.
2. «Тәртіп пен ережелер» тақырыбындағы онлайн тренинг. Мақсаты – балаларда тәртіптілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында интерактивті тапсырмалар мен ата-аналарға арналған практикум өткізілді.
3. Жеке кеңес беру сессиялары. Ата-аналардың жеке сұрақтары бойынша чат, бейнеқоңырау және диагностика әдістері арқылы қолдау көрсетілді.

  12 WhatsApp Image 2026 01 30 at 18.05.52

                                     WhatsApp Image 2026 01 30 at 18.07.27  WhatsApp Image 2026 01 30 at 18.07.11

 

Кіші топ тәрбиешілері Абдрахманова С.С, Сайдмурадова И.Ш. екуі өткізген іс шаралары:

1.«Ойын арқылы тәртіпке үйренеміз» тақырыбындағы практикум. Мақсаты – күн режимі мен жағымды әдеттерді ойын арқылы қалыптастыру. Қосымша арқылы ойын сценарийлері, бейне-нұсқаулар және отбасылық тапсырмалар таратылды.
2. «Өздігімен орындаймын» желілік марафоны. Мақсаты – балалардың өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту. Марафон барысында ата-аналар күнделіктер толтырып, фото-есептермен бөлісті.
3. «Мектепке дайындық» вебинарлар циклы. Мақсаты – балаларды мектепке психологиялық дайындау, тәртіптілік пен ұйымдастырушылық дағдыларды нығайту. Қосымша арқылы презентациялар, интерактивті жаттығулар мен әдістемелік материалдар ұсынылды.

13 14 15

 

4
Наурыз
2026

дұрыс тамақтану

Мектебіміздің медбикесі Гульмира Арғынбайқызы бастауыш сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға:
✅ пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы
✅ дәрумендердің ағза үшін маңызы
✅ тамақтану режимін сақтау
✅ жеке бас гигиенасы туралы маңызды мәліметтер берілді.

Балалар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Денсаулықты күту – әр адамның басты міндеті екені түсіндірілді.

✨ Дұрыс тамақтану – мықты денсаулық пен сапалы білімнің негізі!
Бала денсаулығы – болашақ кепілі!

#ДұрысТамақтану #ДенсаулықКепілі #МектепӨмірі #БастауышСынып #СалауаттыӨмірСалты

30
Қаңтар
2026

WhatsApp Image 2026 01 30 at 17.50.54

 

WhatsApp Image 2026 01 30 at 17.51.13

WhatsApp Image 2026 01 30 at 17.51.29

© 2026. Все права защищены.