
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨
Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Түркен Айтбикені Ұлттық бірыңғай тестілеуден 126 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏🎉
Бұл – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің және білімге деген құштарлықтың жемісі.
Айтбикеге алдағы оқу жолында толағай табыс, армандаған жоғары оқу орнына оқуға түсіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Жетістігің еселеніп, жарқын болашағыңның берік негізі болсын! 🌟






