|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
19
мая
2026
|
- Просмотров: 22

🏆 ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖЕҢІС!
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті! ✨
📚 Білім мен өнерді, зеректік пен тапқырлықты қатар талап ететін байқауда:
🥇 10-сынып оқушысы Орехова Томирис оза шауып, I орын иеленіп, 700 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды!
🥈 6-сынып оқушысы Ертанова Даяна жүлделі III орынды жеңіп алып, 350 000 теңге сыйлық иеленді!
👏 Оқушыларымызды білім бәйгесіне баулып, бағыт-бағдар берген жетекшісі Бисенов Асқар Көшербайұлы да осындай қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Мектебіміздің мерейін үстем еткен жеңімпаздарымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🌟
#ҚостанайЭпос
#ТұлпарМініпТуАлған
#ҚостанайОблысы
#Алпамысбатыр
|
8
апреля
2026
|
- Просмотров: 59

📢 Құрметті ата-аналар !
❇️2026-2027 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау 2026 жылдың 18 маусымнан 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
‼️Назар аударыңыз‼️:
🔹 Өтініш беру тәртібі
Өтініш электрондық үкіметтің Egov.kz веб-порталы арқылы беріледі.
🔹 Қажетті құжаттар
✅ Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
✅ Баланың 3х4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны).
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
📞 Барлық сұрақтар бойынша мектеп байланыс телефонына хабарласуға болады.
Телефон: 871441-2-13-19, 8-705-366-64-02
- Просмотров: 44

Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің дарынды оқушысы Рисбек Мади ХХІІ Халықаралық "Алтын микрофон - 2026" әншілер облыстық байқауда ІІ орын иеленіп, халықаралық байқауға жолдама алды. Бұл – үлкен еңбек пен талпыныстың жемісі. Мадиді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық байқауға сәттілік тілейміз!!!
|
23
апреля
2026
|
- Просмотров: 47

Қостанай облысы экімдігінің мәдениет басқармасы жэне Ы. Алтынсарин
атындағы ОБЖК XIII облыстық «Сөз кұдіреті» мәнерлеп оқу байқауының 2-орын жүлдегері 6-сынып оқушысы Ожар Аяла! Құттықтаймыз!
|
8
апреля
2026
|
- Просмотров: 151

|
9
апреля
2026
|
- Просмотров: 56
Қарабалық ауданы мектеп оқушылары арасында волейболдан Айтпаева Көркем Бүгетбайқызының рухына арналған турнирде біздің мектептің қыздар командасы жүлделі 3-орынды иеленді! 🏐🥉
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Командаға алдағы жарыстарда биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! 💐
|
8
апреля
2026
|
- Просмотров: 273

|
8
апреля
2026
|
- Просмотров: 55

"Кітап оқитын ұлт" жобасының "Кітап оқитын мектеп" бағыты бойынша 8 сынып оқушыларына мектепшілдік байқау болып өтті. Коммисия мүшелері адалдық талаптарын сақтай отырып, Тулеш Асылым - І орын, Жолдыбай Айару - ІІ орын, Мустафина Аида - ІІІ орынға иеленді. Оқушыларға сәттілік тілейміз!







