|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
- Просмотров: 414

М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қарабалық ауданының XVII " Алтын микрофон" жастар вокалдық шығармашылық байқауына қатысты. Байқаудың нәтижелері:
І - ші кіші топ 7 - 10 жас аралығында Жүлделі: 1 орынға ие болған 4 - ші сынып оқушысы Бекболат Адия және 2 - ші орынға ие болған 2 - ші сынып оқушысы Амандық Мәди марапатталды. ІІ - ші орта 11 - 13 жас аралығында жүлделі 2 - ші орынға ие болған 5 - ші сынып оқушысы Нысанова Алтын марапатталды. ІІІ - ші жоғары топ 14 - 18 жас аралығында жүлделі 1 орынға ие болған 9 - шы сынып оқушысы Аубакирова Жансая мараптталды. Жетекшісі: Жолдыбай айбол Жолдыбайұлы дайындаған оқушылары жүлделі орындар алып, бәйгенің алдынан көрінді және арнайы "Алғыс хат" марапатталды.
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 384


Абай Құнанбаев атындағы ЖББМ Қарабалық ауданының білім бөлімінің өткізуімен тоғызқұмалақ ойыны бойынша ұлттық аудандық лигасы өтті. Лигаға аудан мектептерінен 8 команда қатысты. аудандық лина нәтижесінде Мұхамеджан Сералин мектебінің оқушылары 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 372

2 - 9 сынып оқушыларымен әңгіме барысында инспектор Н.А.Шакенов балаларға жолда жүру ережелерін еске салды және көктемгі маусымда су қоймаларында өзін - өзі ұстау ережелері туралы. Келесі кезекте инспектор балаларға қылмыстың құрбаны болмау жолдары туралы айтып берді: балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының сақталуына жауапкершілігі туралы айтты. Кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалыс орындарында өзін - өзі ұстау ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды қатаң тапсырды. Ол мектеп оқушыларының назарына алкоголь мен темекінің зияны туралы айтып, бұл тәуелділіктердің неліктен қауіпті екенін түсіндірді.
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 394

Ата - аналарға арналған кеңес беру орталығының жұмысы аясында "Балалардың қауіпсіздігі" әңгімесі ұйымдастырылды.
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 371

1 наурыз - "Алғыс айту" күніне орай 5 сыныпта "Алғыс айту - парызым" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың " сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым - қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 371

Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беру мектебімізде " Егер қиын болса, қоңырау шалыңыз!" атты акция жүргізілді. Балаларға арналған сенім телефон желісі қиын жағдайларда балалар, жасөспірімдер талқылап, психолог маманмен кеңесу үшін жасалған.
- Просмотров: 435


2023 - 2024 оқу жылының 26 ақпан - 01 наурыз аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік аптылығы жоспарлы түрде өз жұмысын аяқтады. Апталықтың ашулынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған іс - шаралар легі белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Ашық сабақтар: 6 сынып ағылшын тілінен "Reading for pleasure" тақырыбында - педагог Нарбек Мадина Бағланқызы, 10 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен " Тема торга и власти денег в пьесе А.Н.Островского "Бесприданница" тақырыбында педагог Ковальчук Инна Александровна, 5 сыныпта ағылшын тілі пәнінен "Animals: The ghost of the mountains" тақырыбымен педагог Кульжабекова Айгуль Булатовна, 6 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен Уразбаева Раушан Куантаевна және 6 сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен "Жусан иісі" тақырыбында педагог Ескендирова Алмабике Мерекеновна.
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 416
Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген "Мен ұнатқан кітап" әдеби танымдық сағаты. Ұсынылған әдбиеттермен танысу барысы балаларға қызықты болды. # ''Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз", # '' Оқуға құштар мектеп қысқы демалыста"
|
28
марта
2024
|
- Просмотров: 411

Қазақстанда "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп келе жатыр. "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында 2024 жыл бойына ел болып қазақ прозасына ғажайып сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынысы қабылданды. Осы атаулы акция барысында М.Сералин атындағы ЖББМ - де "Көрнекті балалар жазушы" атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.








