📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
📌 Қабылдау процесі OQU & eGov жүйесі арқылы жүргізіледі: http://egov.kz арқылы http://oqu.edu.kz платформасында жүргізіледі.
Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқитын балалар автоматты түрде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігі;
3. Медициналық анықтамалар: №065/е нысаны («Иммундау паспорты»), №052-2/е нысаны («Бала денсаулығы паспорты»);
4. Баланың 3х4 өлшеміндегі фотосуреті
◆ Ата-аналар мен заңды өкілдерден белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруды сұраймыз.






