
Тәжірибе алмасу — кәсіби өсудің кепілі!
02.02.2026 ж Бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарының педагогтеріне арналған тәжірибе алмасу барысында «Логикалық ойлаудың лабиринті: математикалық шытырман» тақырыбындағы авторлық жұмысын таныстырды.
Іс-шарада оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, қызықты математикалық тапсырмалар мен практикалық тәжірибелер ұсынылды. Әріптестер өзара пікір алмасып, пайдалы идеялар қоржыны толықты.






