Мектеп психологының өткізген іс-шаралары:
1. «Эмоциялар әлемі» тақырыбындағы вебинар. Мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектын дамыту, олардың сезімдерін дұрыс білдіруге үйрету. Қосымша арқылы онлайн кеңес беру, диагностикалық тесттер және бейне-нұсқаулықтар ұсынылды.
2. «Тәртіп пен ережелер» тақырыбындағы онлайн тренинг. Мақсаты – балаларда тәртіптілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында интерактивті тапсырмалар мен ата-аналарға арналған практикум өткізілді.
3. Жеке кеңес беру сессиялары. Ата-аналардың жеке сұрақтары бойынша чат, бейнеқоңырау және диагностика әдістері арқылы қолдау көрсетілді.


Кіші топ тәрбиешілері Абдрахманова С.С, Сайдмурадова И.Ш. екуі өткізген іс шаралары:
1.«Ойын арқылы тәртіпке үйренеміз» тақырыбындағы практикум. Мақсаты – күн режимі мен жағымды әдеттерді ойын арқылы қалыптастыру. Қосымша арқылы ойын сценарийлері, бейне-нұсқаулар және отбасылық тапсырмалар таратылды.
2. «Өздігімен орындаймын» желілік марафоны. Мақсаты – балалардың өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту. Марафон барысында ата-аналар күнделіктер толтырып, фото-есептермен бөлісті.
3. «Мектепке дайындық» вебинарлар циклы. Мақсаты – балаларды мектепке психологиялық дайындау, тәртіптілік пен ұйымдастырушылық дағдыларды нығайту. Қосымша арқылы презентациялар, интерактивті жаттығулар мен әдістемелік материалдар ұсынылды.







