|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|

7 ақпан күні мектебіміздің білім алушылары Т. Дәулетбаев атындағы XIII ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша Кинжеболатова Айгерим IІ орынға ие болды, Шакибаева Аружан III орын алды. Оқушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми қызметте алдағы уақытта да табыстар тілейміз!
Жобалар жетекшілері — Жеңіс Арайлым Маратқызы және Айткалиев Ерлан Курмангазиевичке оқушыларды дайындап, жұмыс барысында барлық кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
|
2
Ақпан
2026
|

Тәжірибе алмасу — кәсіби өсудің кепілі!
02.02.2026 ж Бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарының педагогтеріне арналған тәжірибе алмасу барысында «Логикалық ойлаудың лабиринті: математикалық шытырман» тақырыбындағы авторлық жұмысын таныстырды.
Іс-шарада оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, қызықты математикалық тапсырмалар мен практикалық тәжірибелер ұсынылды. Әріптестер өзара пікір алмасып, пайдалы идеялар қоржыны толықты.







