|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
30
Маусым
2026
|
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
«Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ балаларды «Балақайлар мектебіне» шақырады!
📅 3 тамыздан бастап болашақ бірінші сынып оқушыларын дайындау мектебі өз жұмысын бастайды. Мұнда балалар:
✅ мектеп өмірімен танысады;
✅ құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады;
✅ қолды жазуға дайындайды;
✅ санау, оқу және сөйлеуді дамыту негіздерін бекітеді;
✅ 1-сыныпта оқуға жеңіл әрі сенімді бейімделеді.
👧👦 Біз әрбір бала үшін мектеп өміріне алғашқы қадам қуанышты әрі сәтті болуы үшін жайлы және мейірімді орта қалыптастырамыз!
📍 Өтетін орны: «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
📅 Сабақтардың басталуы: 3 тамыз
✨ Балаларды 1-сыныпқа дайындауға барлық ниет білдірушілерді күтеміз!
|
22
Маусым
2026
|
📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
📌 Қабылдау процесі OQU & eGov жүйесі арқылы жүргізіледі: http://egov.kz арқылы http://oqu.edu.kz платформасында жүргізіледі.
Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқитын балалар автоматты түрде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігі;
3. Медициналық анықтамалар: №065/е нысаны («Иммундау паспорты»), №052-2/е нысаны («Бала денсаулығы паспорты»);
4. Баланың 3х4 өлшеміндегі фотосуреті
◆ Ата-аналар мен заңды өкілдерден белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруды сұраймыз.







