|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
19
мая
2026
|

🏆 ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖЕҢІС!
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті! ✨
📚 Білім мен өнерді, зеректік пен тапқырлықты қатар талап ететін байқауда:
🥇 10-сынып оқушысы Орехова Томирис оза шауып, I орын иеленіп, 700 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды!
🥈 6-сынып оқушысы Ертанова Даяна жүлделі III орынды жеңіп алып, 350 000 теңге сыйлық иеленді!
👏 Оқушыларымызды білім бәйгесіне баулып, бағыт-бағдар берген жетекшісі Бисенов Асқар Көшербайұлы да осындай қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Мектебіміздің мерейін үстем еткен жеңімпаздарымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🌟
#ҚостанайЭпос
#ТұлпарМініпТуАлған
#ҚостанайОблысы
#Алпамысбатыр

Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің дарынды оқушысы Рисбек Мади ХХІІ Халықаралық "Алтын микрофон - 2026" әншілер облыстық байқауда ІІ орын иеленіп, халықаралық байқауға жолдама алды. Бұл – үлкен еңбек пен талпыныстың жемісі. Мадиді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық байқауға сәттілік тілейміз!!!







