|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
1
Сәуір
2026
|

Бүгін мектебімізде педагогикалық ұжым арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Кездесу барысында ұстаздарымызға адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау – білім беру саласындағы басты қағидалардың бірі екені айтылды. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ата-аналармен және білім алушылармен қарым-қатынаста ашықтық пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Педагогикалық ұжым сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Білім беру саласындағы басты міндет – сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар әділдік пен сенімге негізделген орта қалыптастыру.
#адалдық #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #мектеп #педагогикалықұжым #білім
|
31
Наурыз
2026
|

Құрметті болашақ 1 сынып оқушыларының ата - аналары!
Біздің елімізде 1- сыныпқа қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді:
- Мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері ата - аналардың өтініші бойынша білім алып жүрген мектебінің 1 - cыныбына автоматты түрде қабылданады.
- Егер ата - аналар басқа мектепті таңдаса, онда құжаттары жалпы негізде мемлекеттік қызмет арқылы тапсырылады.
- 1- сыныпқа 6 жастан бастап және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
- Өтініштерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндерін қоспағанда жүргізіледі.
- Биыл 1- сыныпқа қабылдау порталдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және білім беру үдерісін реттеу мақсатында кезең кезеңімен жүзеге асырылады. 27 мамырдан бастап, ал Қостанай облысында соның ішінде Қарабалық ауданында 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін.
Қазақстан азаматтары үшін портал арқылы мектепке қабылдануға қажетті құжаттар тізімі:
- ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің өтініші;
- денсаулық жағдайы туралы № 065-у нысанындағы анықтама және баланың денсаулық паспорты № 052-2/у;
- өлшемі 3×4 см фотосурет (2 дана).
Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады.







