|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы 2026 жылдың 31 наурызда бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің мүшелері «Метапән іс - әрекетте: тапсырмадан сабақ сценарийіне дейін» атты кейс сессия өткізді. Облыстық вебинарға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гульнара Батырхановна «Идеядан сабаққа дейін: метапәндік тапсырмаларды тиімді қолдану» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жоғары деңгейде өтті.
|
1
Сәуір
2026
|

Бүгін мектебімізде педагогикалық ұжым арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Кездесу барысында ұстаздарымызға адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау – білім беру саласындағы басты қағидалардың бірі екені айтылды. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ата-аналармен және білім алушылармен қарым-қатынаста ашықтық пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Педагогикалық ұжым сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Білім беру саласындағы басты міндет – сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар әділдік пен сенімге негізделген орта қалыптастыру.
#адалдық #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #мектеп #педагогикалықұжым #білім







