Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
29
Наурыз
2024
|
1 сәуірде Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата - аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің EGOV.kz және SAKURA.24.kz веб - порталы арқылы тапсыра алады. Баланың бірініші сыныпқа алтын жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініш негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у - 3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек.
2023 - 2024 оқу жылынан бастап 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары үшін "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен міндетті емтихан өткізіледі. Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5 - 8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойныша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде " Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша МЖМБС - қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. Қорытынды баға емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30 - дан 70 - ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгеленеді.