Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
26 қарашада мектепте МЖМБС жобасын талқылау мәселесі бойынша кеңес өтті. Бірнеше түйінді жайттар атап өтілді: оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілді күшейту, көптілді білім беру; "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру"пәндерін бағалауды енгізу. Апробация 2025-2026 жылы басталады, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланған.
29
Қараша
2024
|
9-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбы бойынша маңызды іс-шара, дөңгелек үстел өтті.
🔹 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
⚖️ Құқық негіздері пәнінің мұғалімі викторина ұйымдастырып, балаларға өз құқықтары мен заңдарды түсіндірді. Сұрақ-жауап форматындағы ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық деңгейін арттырды. ️
📚 Осындай іс-шаралар болашақ ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады!