Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
2023 жылғы 28 қарашада Қостанай қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің базасында Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бұл конкурста біздің мектептен 9 сынып оқушысы Ердосова Адема «Өлкетану» секциясына « Қарабалық кенті қатты қалдықтарды жою және залалсыздандыру» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Ғылыми жетекшісі Шынур Сетер. Әділ қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың «жобалары қызықты және шешендік қабілеттері қалыптасқандығын атап өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Ердосова Адема III орынды иеленді.
5
Желтоқсан
2023
|
Ауданымызда 2023 жылдың 04 желтоқсанында бастауыш сынып мұғалімдерінің беделін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру,инновациялық тәжірибелерді тарату, заманауи жағдайда жаңа оқыту технологияларын анықтау және енгізу, бастауыш білім алушыларының оқу сапасын арттыру мақсатында «Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сайыстың аудандық кезеңі өткізілді. Бұл сайысқа өз кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсат ында біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гулнар Батырхановна қатысты. Байқау үш кезеннен құрылды: Ашық сабақ, таныстырылым, педагогикалық жоба. Гулнар Батырхановна 1 сыныпта математика пәнінен «Ондықтармен қосу және азайту» тақырыбында оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында креативті технологияларды тиімді пайдаланып ашық сабағын жоғары дәрежеде өткізді. Екінші және үшінші кезеңде видеожазба, презентация арқылы өзінің педагогикалық жобасын таныстырып өтті.