Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
29
Наурыз
2024
|
Облыс орталығында физика - математика лицейі базасында Т.Е.Даулетбаев атындағы педагогтердің "Білім беру сапасын арттыру - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың маңызы шарты" атты аймақтық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференцияға М.Сералин атындағы ЖББМ педагогтары да қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Г.Б " Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру", қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ескендирова А.М " Мәтінмен жұмыс - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы", химия пәні мұғалімі Мырзабай Н.М " Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Конференцияда алған білім мен тәжірибе мұғалімдерге қазіргі заманның өзгерістері мен талаптарына сай болуға мүмкіндік берді.