Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
28
Наурыз
2024
|
2 - 9 сынып оқушыларымен әңгіме барысында инспектор Н.А.Шакенов балаларға жолда жүру ережелерін еске салды және көктемгі маусымда су қоймаларында өзін - өзі ұстау ережелері туралы. Келесі кезекте инспектор балаларға қылмыстың құрбаны болмау жолдары туралы айтып берді: балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының сақталуына жауапкершілігі туралы айтты. Кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалыс орындарында өзін - өзі ұстау ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды қатаң тапсырды. Ол мектеп оқушыларының назарына алкоголь мен темекінің зияны туралы айтып, бұл тәуелділіктердің неліктен қауіпті екенін түсіндірді.
28
Наурыз
2024
|
1 наурыз - "Алғыс айту" күніне орай 5 сыныпта "Алғыс айту - парызым" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың " сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым - қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.