|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
28
Наурыз
2024
|

Мұхамеджан Сералин мектебінде 1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасты.
|
27
Наурыз
2024
|

5 - 6 сыныптар арасында "Жүзден жүйрік" атты интеллектуалды ойын іс - шарасы өтті. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысты. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында оқушыларға 10, 20, 30 балдан құрастырылған сұрақтар қойылды, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды 165 балмен 5 сынып, 2 орынды 80 балмен 6 сынып жеңді.
|
27
Наурыз
2024
|

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 11 күнге созылды. Оқу - ағарту министрлігінің демалыс кестесіне сәйкес, көктемгі демалыс 21 наурыздан 31 наурызға дейін созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.
|
27
Наурыз
2024
|


Математика - физика - информатика пәндерінің апталығының ашылу салтанаты өтті. ӘБ жетекшісі апталық жоспарымен таныстырды. 5 - 11 сынып оқушыларын арналған әртүрлі танымдық, зияткерлік, шығармашылық сайыстар, ойындар мен ашық сабақтар жоспарлануда. Апталық ұйымдастырушылары мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
|
27
Наурыз
2024
|

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілген "Жүсіпбек Аймауытов 135 жыл" әдеби сағаты. Іс - шара барысында ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен, кітаптарымен таныстырылым болды. Жазушының "Боранды болғыш құрал (барометр)" атты шығармасы оқылды.
|
27
Наурыз
2024
|

ҚР Оқу - ағарту министрлігінің ұйымдастырумен Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен "Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ" тақырыбындағы атты форумы өтті. Форумға мектеп директоры Бисенов Асқар Көшербайұлы қатысып қайтты.
|
27
Наурыз
2024
|

МИФ апталығында 10 сынып арасында оқушылардың қызықты математика деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту мақсатында "Логикалық тапсырмалар" викториналық ойын іс - шарасы өткізілді.

2023 жылғы 28 қарашада Қостанай қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің базасында Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бұл конкурста біздің мектептен 9 сынып оқушысы Ердосова Адема «Өлкетану» секциясына « Қарабалық кенті қатты қалдықтарды жою және залалсыздандыру» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Ғылыми жетекшісі Шынур Сетер. Әділ қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың «жобалары қызықты және шешендік қабілеттері қалыптасқандығын атап өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Ердосова Адема III орынды иеленді.






