ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области
п.Карабалык
(871441)32879
seralyn@karabalyk.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
10
Шілде
2026

Хусаинов Магжан

ҰБТ – үлкен еңбектің жарқын нәтижесі!

Хусайнов Мағжан – 110 балл!Бұл – табандылықтың, үздіксіз ізденістің және білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізген Мағжанды шын жүректен құттықтаймыз!Алдағы өмір жолыңда сәттілік серік болып, армандаған оқу орнына грантпен түсіп, биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз! Жетістігің құтты болсын, Мағжан! Біз сені мақтан тұтамыз!

30
Маусым
2026

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 

«Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы  жалпы білім беретін мектебі» КММ балаларды «Балақайлар мектебіне» шақырады!

📅 3 тамыздан бастап болашақ бірінші сынып оқушыларын дайындау мектебі өз жұмысын бастайды. Мұнда балалар:

✅ мектеп өмірімен танысады;

✅ құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады;

✅ қолды жазуға дайындайды;

✅ санау, оқу және сөйлеуді дамыту негіздерін бекітеді;

✅ 1-сыныпта оқуға жеңіл әрі сенімді бейімделеді.

👧👦 Біз әрбір бала үшін мектеп өміріне алғашқы қадам қуанышты әрі сәтті болуы үшін жайлы және мейірімді орта қалыптастырамыз!

📍 Өтетін орны: «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

📅 Сабақтардың басталуы: 3 тамыз

✨ Балаларды 1-сыныпқа дайындауға барлық ниет білдірушілерді күтеміз!

10
Шілде
2026

Ердосова Адема

Ердосова Адема

Ұлттық бірыңғай тестілеуде 122 балл жинауыңмен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – қажырлы еңбегіңнің, табандылығыңның және білімге деген ұмтылысыңның жарқын нәтижесі. Жетістігің әрдайым арта берсін!

Алдағы өмір жолыңда биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете беруіңе тілектеспіз. Деніңе саулық, отбасыңа амандық, оқуыңа толағай табыс тілейміз!

22
Маусым
2026

📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.

📌 Қабылдау процесі OQU & eGov жүйесі арқылы жүргізіледі: http://egov.kz арқылы http://oqu.edu.kz платформасында жүргізіледі.

Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқитын балалар автоматты түрде қабылданады.

Қажетті құжаттар:

1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;

2. Баланың туу туралы куәлігі;

3. Медициналық анықтамалар: №065/е нысаны («Иммундау паспорты»), №052-2/е нысаны («Бала денсаулығы паспорты»);

4. Баланың 3х4 өлшеміндегі фотосуреті

◆ Ата-аналар мен заңды өкілдерден белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруды сұраймыз.

 

10
Шілде
2026

Түркен Айтбіике

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨

Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Түркен Айтбикені Ұлттық бірыңғай тестілеуден 126 балл жинаған жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏🎉

Бұл – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің және білімге деген құштарлықтың жемісі.

Айтбикеге алдағы оқу жолында толағай табыс, армандаған жоғары оқу орнына оқуға түсіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Жетістігің еселеніп, жарқын болашағыңның берік негізі болсын! 🌟

19
Мамыр
2026

WhatsApp Image 2026 05 19 at 09.56.01 WhatsApp Image 2026 05 19 at 09.55.42 WhatsApp Image 2026 05 19 at 09.55.46

🏆 ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖЕҢІС!

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, зор жетістікке жетті! ✨

📚 Білім мен өнерді, зеректік пен тапқырлықты қатар талап ететін байқауда:

🥇 10-сынып оқушысы Орехова Томирис оза шауып, I орын иеленіп, 700 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды!

🥈 6-сынып оқушысы Ертанова Даяна жүлделі III орынды жеңіп алып, 350 000 теңге сыйлық иеленді!

👏 Оқушыларымызды білім бәйгесіне баулып, бағыт-бағдар берген жетекшісі Бисенов Асқар Көшербайұлы да осындай қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Мектебіміздің мерейін үстем еткен жеңімпаздарымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🌟

#ҚостанайЭпос
#ТұлпарМініпТуАлған
#ҚостанайОблысы
#Алпамысбатыр

6
Мамыр
2026

ea6ea366 5fbd 4344 905b cac7f0ac89d4 7da33dfa 3cc7 497d 9f6f db1390bc2099 f105e9d0 059a 4990 9b90 5db2827de912 22ed2ff8 23fc 47ad 9b2c 70d673185709

Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің дарынды оқушысы Рисбек Мади ХХІІ Халықаралық "Алтын микрофон - 2026" әншілер облыстық байқауда ІІ орын иеленіп, халықаралық байқауға жолдама алды. Бұл – үлкен еңбек пен талпыныстың жемісі. Мадиді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық байқауға сәттілік тілейміз!!!

© 2026. Все права защищены.