|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
29
марта
2024
|


"Қауіпсіздік" науқаны аясында, сондай - ақ өскелең ұрпақты қауіпсіздік шараларына тәрбиелеу мақсатында Қарабалық ауданы бойынша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлері 9 - 11 сынып оқушыларымен қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері, балалардың отпен әуестігі, көмірқышқыл ғазы, балалардың терезеден құлауы, сонымен қатар Малик Габдулин атындағы оқу орына қабылдау тәртібі мен шарттары жайлы ақпараттар таратты. Жылыту маусымдағы қауіпсіздік шаралары, электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі ережелері туралы мәліметтермен бөлісті.
|
29
марта
2024
|

Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы. Мектеп Президентін сайлау іс - шарасы.
|
29
марта
2024
|


16 - наурыз " Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні. Осы мереке қарсаңында М.Сералин атындағы ЖББМ 7 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Демес Мадина Қарабалық тарихи - өлкетану мұражайында экскурсияда болды.Тарихи экспонаттар тарихы мен Қарабалық ауданынан шыққан белгілі тұлғалар жайында ақпараттар айтылды.
|
29
марта
2024
|

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ауғаныстан жүректегі жара"
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
"Ауған соғысы - жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
|
29
марта
2024
|

"БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" лицейінде облыстық " Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектебіміздің оқушылары қатысып, жақсы нәтиже көретті. Нәтижесінде 8 сынып оқушысы Орехова Томирис " Білгірлер" номинация бойынша 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Ескендирова Алмабике Мерекеновна. Құттықтаймыз!!!
|
29
марта
2024
|


15 наурыз күні Қарабалық кенті әкімі Балықбаев Алмат Сағындықұлы " Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін " Қайырымдылық" күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында " QH Жаздық жолдама - 2024" қайырымдылық жобасы бойынша 15 балаға арналған жолдаманы мектеп директоры Бисенов Асқар Көшербайұлына табыстады.
|
29
марта
2024
|


М.Сералин мектебінің өзін - өзі басқару ұйымы "Мектеп парламенті" кезекті отырысын өткізді. Парламент мүшелері алдағы жоспарды талқылап, жаңа тың идеялармен бөлісті. Сонымен қатар командалық жұмысты нығайту мақсатында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
|
29
марта
2024
|


Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті кітабым" челленджін М.Сералин атындағы мектеп оқушылары қабылдап алып, " Мен табиғат бөбегі" тақырыбында " Дариға, сол қыз", " Туған жер" өлеңдер жинағы бойынша поэзия сағаты болып өтті.






