|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
4
марта
2025
|

« Нашақорлық - ғасыр дерті» тәрбие сағаты.
Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өткізген: мектеп мейірбекесі Шойбекова Г.А
|
4
марта
2025
|

Қаңтардың 24 күні Қостанай қаласында облыстық “Ілияс Жансүгіров оқулары” өтті. Мектебімізден 8 сынып оқушысы Серикова Аружан мен 9 сынып оқушысы Орехова Томирис қатысты. Нәтижесінде “Ілияс - эпик ақын” номинациясы бойынша Орехова Томирис жүлделі 3 орынға ие болды! Құттықтаймыз! Жетекшісі: Ескендирова Алмабике Мерекеновна
|
4
марта
2025
|

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясына орай мектебімізде “Экология және біз” тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру.

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Футболдан балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» ұйымдастырылуымен өткен жарыста жасөспірімдер арасындағы облыстық деңгейдегі ашық мини футболдан “Ең үздік ойыншы “ номинациясында Шынуар Диас марапатталды. ”Жарайсың!!! Тек биіктерден көріне бер
|
4
марта
2025
|

|
22
января
2025
|

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Футболдан балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» ұйымдастырылуымен өткен жарыста жасөспірімдер арасындағы облыстық деңгейдегі ашық мини футболдан “Ең үздік ойыншы “ номинациясында Шынуар Диас және Жумабаев Жантолы І орынды иеленіп, марапатталды. ”Жарайсыңдар!!! Тек биіктерден көріне беріндер.
|
4
марта
2025
|

Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында өткізілетін “Өнегелі 15минут” шарасының бүгінгі қонағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің майоры Ожар Ернар Талғатұлы. “Шекара қызметі” тақырыбында балаларға еңбек жолын, шекара қызметінің қыр-сырын айтып түсіндірді.
Балалар тарапынан болған қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, өз қызметінің жауапты да қауіпті екенін еске салды. Іс-шара қонағына алғыс айтамыз!
|
22
января
2025
|

Мұхамеджан Сералин атындағы жалы білім беретін мектеп базасында тоғызқұмалақтан 9,11,13,15 жас арасындағы облыстың аудандары арасындағы ашық турнирі өткізілген болатын. Мектеп оқушылары арасынан топ жарып жүлделі орындарға ие болғандар: 1 орын: Жолдыбай Данияр, Жолдыбай Айару, Ожар Аяла.
3 орын: Сапабек Дильназ, Бахитжанова Айя. Спортшыларымызға облыстық турға сәттілік тілейміз! Жарайсыңдар!






