|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
7
Тамыз
2023
|
Құрметті ата - аналар!
01 тамыздан 30 тамызға дейін барлық өңірлерде отандық тауар өндірушілердің қатысуымен мектеп формасын, киімді сату бойынша жәрмеңкелер өтетіні туралы хабарлайды: Қостанай қаласы Алтынсарин - Победа көшесі (Жасыл базардың «Төменгі көтерме сауда» базарының аумағында, жәрмеңке алаңы 480 шаршы метрді құрайды. 80 – ге жуық жергілікті тауар өндірушілер қатысады), Лисаков қ. – Қ. Сәтбаев көшесіндегі «Довлан» базары, Рудный қ. - п. Корчагин көшесі, 88 (ГУМа ғимаратының жанында), Арқалық қ. - М.Демченко көшесіндегі «Гаухар» орталық базары (жабық павильон), сондай - ақ аудан орталықтарында.
Бұдан басқа, 2 кәсіпорын («Большевичка» өндірістік кооперативі және «Азурит – өндірістік – тауарлық фирма» ЖШС) жеке тапсырыстар бойынша тігуді жүзеге асырады және дайын өнімді өздерінің «Большевичка» В – 117» фирмалық дүкендерінде («Әл - Фараби даңғылы, 117), «Астықжан» супермаркетінің сауда бөлімінде (СОО сатады «KostanayPlaza», Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 193), Азурит – «PROFFИНСТРУМЕНТ» СҮ (Карбышев көшесі, 35).
|
2
Тамыз
2023
|

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында"Жақсылық жаса" ұранымен "Мектепке жол" акциясы басталды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және оқу жылының басына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, олардың мектепке баратын жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әр балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете аламыз! Барлығын акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
"Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ ұжымы ауданымыздың барлық азаматтары мен жеке кәсіпкерлерін жағдайы төмен отбасы балаларына көмек беру мақсатында "Мектепке жол" акциясына қатысып өз үлестерін қосуға шақырады. Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (714)41-2-13-19







