|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
5
Желтоқсан
2023
|

Ауданымызда 2023 жылдың 04 желтоқсанында бастауыш сынып мұғалімдерінің беделін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру,инновациялық тәжірибелерді тарату, заманауи жағдайда жаңа оқыту технологияларын анықтау және енгізу, бастауыш білім алушыларының оқу сапасын арттыру мақсатында «Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сайыстың аудандық кезеңі өткізілді. Бұл сайысқа өз кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсат ында біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі Шишимбаева Гулнар Батырхановна қатысты. Байқау үш кезеннен құрылды: Ашық сабақ, таныстырылым, педагогикалық жоба. Гулнар Батырхановна 1 сыныпта математика пәнінен «Ондықтармен қосу және азайту» тақырыбында оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында креативті технологияларды тиімді пайдаланып ашық сабағын жоғары дәрежеде өткізді. Екінші және үшінші кезеңде видеожазба, презентация арқылы өзінің педагогикалық жобасын таныстырып өтті.
|
5
Желтоқсан
2023
|

2023 жылғы 24 қараша күні озық педагогикалық тәжірибені анықтаудың, зерделеудің, жалпылаудың және таратудың мақсаты - озық педагогикалық идеяны теориялық тұрғыдан түсіну, тәжірибеде қолдану және танымал ету мақсатында "Қостанай облысы әкімдігіні" КММ - мен жас маман мұғалімдер үшін "Педагог практиктан педагог тәлімгерге дейін" атты облыстық педагогикалық невторинг өткізілді. Бұл невторингке М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кульжабекова Айгуль Булатовна "Сабақта Soft Skills қалыптастыру" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.







