|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
28
марта
2024
|

1 наурыз - "Алғыс айту" күніне орай 5 сыныпта "Алғыс айту - парызым" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың " сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым - қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.


2023 - 2024 оқу жылының 26 ақпан - 01 наурыз аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік аптылығы жоспарлы түрде өз жұмысын аяқтады. Апталықтың ашулынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған іс - шаралар легі белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Ашық сабақтар: 6 сынып ағылшын тілінен "Reading for pleasure" тақырыбында - педагог Нарбек Мадина Бағланқызы, 10 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен " Тема торга и власти денег в пьесе А.Н.Островского "Бесприданница" тақырыбында педагог Ковальчук Инна Александровна, 5 сыныпта ағылшын тілі пәнінен "Animals: The ghost of the mountains" тақырыбымен педагог Кульжабекова Айгуль Булатовна, 6 сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен Уразбаева Раушан Куантаевна және 6 сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен "Жусан иісі" тақырыбында педагог Ескендирова Алмабике Мерекеновна.







