Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Мухамеджана Сералина отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
28
марта
2024
|
2024 жылғы 26 қаңтарда Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінде "ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС - ШАРА" республикалық челленджінің аясында мектебімізде сыныптар арасында "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. Іс - шараның мақсаты: математикалық есептерді шешуде оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық және сыни ойлауын дамыту; оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ояту; математикалық білімінің өмірмен байланысын көрсету. Математикалық тапсырмалар орындау барысында балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл оқушылардың стандартты емес, ойын - сауық, логикалық тапсырмаларды орындауды ұнататынын дәлелдейді.
М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қарабалық ауданының XVII " Алтын микрофон" жастар вокалдық шығармашылық байқауына қатысты. Байқаудың нәтижелері:
І - ші кіші топ 7 - 10 жас аралығында Жүлделі: 1 орынға ие болған 4 - ші сынып оқушысы Бекболат Адия және 2 - ші орынға ие болған 2 - ші сынып оқушысы Амандық Мәди марапатталды. ІІ - ші орта 11 - 13 жас аралығында жүлделі 2 - ші орынға ие болған 5 - ші сынып оқушысы Нысанова Алтын марапатталды. ІІІ - ші жоғары топ 14 - 18 жас аралығында жүлделі 1 орынға ие болған 9 - шы сынып оқушысы Аубакирова Жансая мараптталды. Жетекшісі: Жолдыбай айбол Жолдыбайұлы дайындаған оқушылары жүлделі орындар алып, бәйгенің алдынан көрінді және арнайы "Алғыс хат" марапатталды.