
Жаңа жыл - жақсылық пен мейірім мерекесі.
Осы мереке қарсаңында аудан әкімінің атынан мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыға сыйлық табысталды.Ол 10 сынып оқушысы Игизбай Жақсылық.
Бұл қамқорлық балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Ізгі ниет пен қолдау көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз!






