15 сәуір – Махаббат күніне арналған ерекше кездесу
15 сәуір күні қазақ халқының махаббат символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай, Мұхамеджан Сералин атындағы мектепте 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен әсерлі кездесу өтті.
Шараға ұзақ жылдар бойы бірге өмір сүріп, отбасылық өмірдің қадірін білген ардагерлер шақырылып, олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, махаббат пен сыйластық туралы шынайы әңгімелерімен бөлісті.
Ардагерлердің жүрекке жылы сөздері жас ұрпаққа үлкен өнеге болды. Оқушылар махаббат, адалдық, сенім сияқты құндылықтардың маңызын терең түсініп, өз ойларын ортаға салды.
Бұл кездесу Қозы мен Баяндай шынайы сезімдердің әлі де бар екенін дәлелдегендей әсер қалдырды.