9-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбы бойынша маңызды іс-шара, дөңгелек үстел өтті.
🔹 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
⚖️ Құқық негіздері пәнінің мұғалімі викторина ұйымдастырып, балаларға өз құқықтары мен заңдарды түсіндірді. Сұрақ-жауап форматындағы ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық деңгейін арттырды. ️
📚 Осындай іс-шаралар болашақ ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады!