
2024 жылғы 26 қаңтарда Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінде "ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС - ШАРА" республикалық челленджінің аясында мектебімізде сыныптар арасында "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. Іс - шараның мақсаты: математикалық есептерді шешуде оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық және сыни ойлауын дамыту; оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ояту; математикалық білімінің өмірмен байланысын көрсету. Математикалық тапсырмалар орындау барысында балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл оқушылардың стандартты емес, ойын - сауық, логикалық тапсырмаларды орындауды ұнататынын дәлелдейді.






