
Қазақстанда "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп келе жатыр. "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында 2024 жыл бойына ел болып қазақ прозасына ғажайып сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынысы қабылданды. Осы атаулы акция барысында М.Сералин атындағы ЖББМ - де "Көрнекті балалар жазушы" атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.






