5 - 6 сыныптар арасында "Жүзден жүйрік" атты интеллектуалды ойын іс - шарасы өтті. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысты. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында оқушыларға 10, 20, 30 балдан құрастырылған сұрақтар қойылды, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды 165 балмен 5 сынып, 2 орынды 80 балмен 6 сынып жеңді.